Қазақстандық банктер депозит мөлшерлемесін төмендетті

1 502

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: PexelsҚазақстандағы бірнеше банк қазан айында теңгедегі депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетті,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Соған қарамастан, кейбір банктерде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 20 %-ға дейін жетеді. Қазір ең жоғары ұсыныстардың бірі Bereke Bank-те сақталып отыр.

Қазан айының қорытындысы бойынша, Home Credit Bank, Еуразиялық банк, ForteBank, Банк ЦентрКредит және Kaspi депозиттерінің мөлшерлемесін азайтқан. Ал бірқатар банктер пайыздық шарттарын өзгертпеген.

Қазір үш айлық депозиттер бойынша ең жоғары ұсыныстардың бірі – Bereke Bank-те. Мұнда алғашқы айда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 20 % болса, екінші және үшінші айларда 19 % болады.

Өзге банктердегі ұсыныстар мынадай:

Altyn Bank – 19,56%;

Freedom Bank – 19,5%;

KMF – 19,46%;

Нұрбанк – 19,02%;

Home Credit Bank – 19%;

Еуразиялық банк – 18,85%;

Bank RBK – 18,6%;

ForteBank – 18,2%;

Центр Кредит Банкі – 18,04%;

Kaspi – 18%.

Бұдан бөлек, БНК Банк 3-24 ай мерзімге 17,93%, Алатау қалалық банкі 6 айға 17,81%, Halyk Bank 3 айға 17,75%, ВТБ 3-6 айға 15,3%, ал Заман-Банк 3 айға 14,5% ұсынады.

Қазан айында бірнеше банк депозит мөлшерлемесін азайтты.

Мәселен, Home Credit Bank-те үш айлық депозиттің мөлшерлемесі 19,6%-дан 19%-ға түсті. Еуразиялық банкте 19,23%-дан 18,85%-ға, ForteBank-те 19,1%-дан 18,2%-ға төмендеді.

Банк ЦентрКредит үш айлық депозит бойынша мөлшерлемені 18,86%-дан 18,04%-ға, Kaspi 19%-дан 18%-ға түсірді.

Ал БНК Банкте 3-24 айлық депозиттің мөлшерлемесі 19,51%-дан 17,93%-ға дейін азайған.

Сонымен бірге Bereke Bank, Altyn Bank, KMF, Freedom Bank, Нұрбанк, Bank RBK, Алатау қалалық банкі, Halyk Bank, ВТБ және Заман-Банк пайыздық мөлшерлемелерін өзгертпеген.

Банктер ұсынатын жоғары пайызға ғана қарап шешім қабылдамаған жөн. Себебі депозиттердің шарттары әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, кейбір банктер депозит ашу үшін ең төменгі бастапқы соманы талап етеді. Басқаларында шотта белгілі бір мөлшерден төмен түспейтін ақша қалуы керек. Сондықтан депозит таңдағанда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесімен қатар, оның мерзіміне, ең төменгі салым сомасына, ақшаны мерзімінен бұрын алу шарттарына және сыйақыны есептеу тәртібіне назар аудару қажет.

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – депозиттің табыстылығын жылдық есеппен көрсететін көрсеткіш. Ал салым үш айға ашылса, көрсетілген пайызды үш айда толық көлемде аласыз деген сөз емес. Нақты табыс депозитте жатқан ақша көлемі мен мерзіміне байланысты есептеледі.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.