Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазақстан президентінің жарлығымен Марат Ирменов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ақорда хабарлағандай, мемлекет басшысының жарлығымен Ирменов Марат Ғатауылұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрын атқарған лауазымынан босатылды.
ҰҚК сайтының мәліметінше, Марат Ирменов 1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, 1996 жылы ҚР ҰҚК институтын, 2000 жылы Халықаралық құқық және нарық академиясын бітірген.
«Даңқ» орденінің II дәрежесімен, мемлекеттік, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған. ҚР ҰҚК-нің құрметті қызметкері.
2019 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен оған ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы берілді.
Мансабы 1996-2000 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел лауазымдарда қызмет атқарған. 2000-2025 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық лауазымдарды атқарған.
2025 жылдың қазанынан бастап ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.
Қаз
Рус






