Газ баллонын қолданатындарға жаңа өзгеріс дайындалып жатыр
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Үйде тамақ пісіруге немесе дәмханада ас әзірлеуге қолданылатын газ баллондары енді қатаң бақылауға алынбақ,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда ескірген баллондарды біртіндеп қолданыстан шығарып, жаңасына ауыстыру мәселесі де көтерілген.
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов Үкімет отырысында айтты.
Министрдің сөзінше, газ баллондарын дұрыс пайдаланбау, талапқа сай сақтамау немесе дұрыс толтырмау өрт пен жарылысқа әкелуі мүмкін. Сондықтан жеке тұрғын үйлерде, дәмханалар мен басқа да қоғамдық тамақтану орындарында олардың қалай қолданылатынын қадағалау қажет.
Қазір Энергетика министрлігі газ баллондарын таңбалау және есепке алу жүйесін әзірлеп жатыр. Бұл жүйе арқылы баллондардың қайда сатылатынын, қай жерде қолданылатынын және техникалық жағдайын бақылау көзделген.
Сонымен қатар министр ескі газ баллондарын ауыстыру мәселесіне тоқталды.
Алайда баллондарды ауыстыру қашан басталатынын және оның қалай жүргізілетінін министр нақтыламады.
Мұхановтың айтуынша, Көкшетаудағы зауыт қазірдің өзінде 500 болат газ баллонын шығарған. Ал Өнеркәсіп министрлігі Атырау мен Алматыда композиттік материалдардан жасалатын газ баллондарын өндіруді қолға алу мәселесін қарастырып жатыр.
Қаз
Рус






