«Телефонды сындырдың»: оқушы мұғалімді айыптап, ақша талап еткен

1 502

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИӘлеуметтік желіде оқушының телефонына қатысты күтпеген жағдайға тап болған мұғалімнің жазбасы талқыланып жатыр, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Педагог сабақ үстінде оқушының телефонын алып, үстеліне қойған. Кейін оқушы құрылғыны мұғалім сындырды деп айыптап, шығынды өтеуді талап еткен. Алайда жазба авторының айтуынша, телефонның бұрыннан бүлінгені анықталған.

Бір мұғалім оқушының телефонына байланысты басынан өткен жағдайды баяндап, жас әріптестеріне ескерту жасады.

Жазба авторының айтуынша, сабақ кезінде мұғалім оқушылардың бірінің телефонын алып, өзінің үстеліне қойған. Сол сәтте телефон қолынан сырғып кетіп, үстелге тигенде әдеттегіден сәл қаттырақ дыбыс шыққан.

Осыдан кейін оқушы мұғалімді телефонын сындырды деп айыптап, келтірілген шығынды өтеуді талап еткен.

«Мұғалімдерге, әсіресе жас педагогтерге айтарым: оқушылардың телефонына ешқашан тиіспеңіздер. Бір мұғалім оқушының телефонын алып, өзінің үстеліне қойған. Телефон қолынан сырғып кетіп, үстелге тигенде сәл қаттырақ дыбыс шыққан. Содан кейін оқушы мұғалімді телефонын сындырды деп айыптап, шығынды өтеуді талап еткен», – деген мазмұнда жазба қалдырған.

Автордың сөзінше, кейін телефонның ескі екені және бұрыннан зақымданғаны белгілі болған.

«Ақырында телефонның ескі екені, бұрыннан осындай күйде болғаны анықталды. Қысқасы, мұғалімнің әбден жүйкесі жұқарды», – деп түйіндеген ол.

«Менің де басымнан осындай жағдай өткен»

Жазба астында пікір білдірген оқырмандардың бірі өзінің де осыған ұқсас жағдайға тап болғанын айтқан.

Оның сөзінше, сабақ кезінде оқушының Nokia телефонын алып, үстеліне қойған.

Сабақ аяқталған соң оқушы телефонының экранына сызат түскенін көрсетіп, мұғалімді кінәлаған.

«Менің басымнан өткен осындай жағдай,ол кезде жай нокия телефон,соны жұлып алып столға қойдым.Сабақ біткесін,маған оқушы көрсетеді ғой,трещина ,вы разбили экран деп», – деп жазған ол.

Кейін мәселеге тәрбие ісі жөніндегі орынбасар араласқан.

Пікір иесінің айтуынша, оқушының анасы мектепке келіп, қызы ондай телефон ұстамайтынын айтып, құрылғының ауыстырылғанын байқаған.

Осыдан кейін отбасы мұғалімге 10 мың теңге төлеуге дайын екенін жеткізген.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.