Қазақстандық 16 жастағы баскетболшы «Дубай» клубына қабылданды

2 506

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: OzonAgencyҚазақстандық жас баскетболшы Нияз Сейсенбек мансабындағы маңызды қадам жасады, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

16 жастағы спортшы Еуролигада өнер көрсететін «Дубай» клубымен кепілдендірілген екі жылдық келісімшартқа отырды. Бұл туралы Ozon Agency агенттігі хабарлады.

Агенттік мәліметінше, Нияз Біріккен Араб Әмірліктері клубының жастар бағдарламасына қосылады. Бұған дейін баскетболшыға АҚШ, Испания және Италия клубтарында бағын сынауға мүмкіндік жасалған. Нәтижесінде агенттік жас спортшы үшін «Дубай» командасымен келісімшартқа келуді оңтайлы шешім деп тапқан.

«Қазақстаннан Еуролига клубына небәрі 16 жасында! «Дубайдың» жастар бағдарламасы Adidas Next Generation Tournament, Адриатика лигасының жастар арасындағы жарыстары және басқа да беделді халықаралық турнирлерге қатысады», – делінген агенттік мәлімдемесінде.

«Дубай» баскетбол клубы 2024 жылы құрылған. Команда алдымен Адриатика лигасында өнер көрсетіп, 2026/2027 жылғы маусымнан бастап Еуролигада бақ сынап жүр. Қазіргі таңда ұжым 11 турдан кейін жеті жеңіспен турнир кестесінде тоғызыншы орында келеді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.