Теріс ағымның жетегінде кеткен салафит әке 5 қызын 4 жыл бойы мектепке жібермеген

239

Алматы облысында жат ағымның жетегінде кеткен 5 қыздың әкесі балаларын мектепке жібермей, үйінде қамап отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.




Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Facebook парақшасында жазды.


«Елдің бәрі Астанада шулап жатқанда біз жат ағымның жетегінде кеткен жалғыз салафитпен алыстық.


Жаубиддин – 5 қыздың әкесі. Әйелі жоғары білімді магистратураны бітірген деседі. Қазір жан баласының көзіне түспей никап киіп үйінде отыр.


Мәселе, 5 қыздың үшеуі мектеп жасында (13, 10 және 9-да). Соңғы екеуі өмірі мектеп көрмеген. Әкесі 3 қызын 4 жылдан бері сабаққа бермей отыр. Үйден шығармайды. “Күні-түні Құран оқимыз, намазға жығыламыз. Далаға шықсақ, әкемнің көлігіне тез отырып мешітке ғана барамыз” дейді көздері жылтыраған қыздың бірі.


Дегенмен, әкесі қағаз жағын қатырыпты. Қыздардың бәрі Ресейдің бір жеровосындағы түрлі мектептерде онлайн оқиды деген анықтамасы бар. Біз үшеуінің де анықтамасы жалған екенін анықтадық.


Елімізде қазір төтенше жағдай емес, онлайн оқуға заңмен тыйым салынған.


Иек астында отырған отбасының оқу-біліммен ойына келгенін істеп, балалардың  құқын таптап отырғанын Алматы облысы Еңбекшіқазақ Ауданы, ҰҚК, прокуратура, полиция, ОДН, ИДН, білім бөлімі және әкім бізден естіді. Сонда КНБ-ның есебінде тұрған қоғамға қауіпті азаматты бақыламаса, біздің мемлекеттік құзырлы органдар басқа не істейді?», - деп жазды ол.