13 жастағы баланың өлімінен кейін балалар ауруханасының хирургы ұсталды

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИАқтауда облыстық балалар ауруханасының хирургі кәсіби міндеттерін тиісінше орындамады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

2026 жылдың сәуірінде Ақтау тұрғыны дәрігерлердің әрекетіне шағымданған. Оның 13 жастағы ұлының жағдайы ауырлап, санитариялық авиациямен Алматыға жеткізілген. Кейін бала қайтыс болды. Оқиғадан кейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тексеру жүргізіп, көпбейінді облыстық балалар ауруханасында бірқатар заңбұзушылықты анықтады.

– Комиссиялық сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмаған балаға медициналық көмек көрсету кезінде асқынудың дамуына ықпал етуі мүмкін кемшіліктер анықталды, – деп хабарлады полиция.

Тергеу барысында ауруханада балаға медициналық көмек көрсету кезінде ұйымдастырушылық-тактикалық және емдеу-диагностикалық сипаттағы кемшіліктерге жол берілгені де анықталған. Осыған байланысты 1 қазанда облыстық балалар ауруханасының хирургі ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.