Түркістан облысында ер адам ауыл тұрғынына пышақпен шабуыл жасап, 4 млн теңгесін алып кетті
Сарыағаш ауданында белгісіз ер адам жергілікті тұрғынның үйіне кіріп, қарақшылық шабуыл жасаған. Жәбірленушінің айтуынша, күдікті пышақпен қорқытып, 4 млн теңгесін қолды етіпті. Бұл туралы Azattyq Ruhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Күдікті ойындағысын іске асырған бойда оқиға орнынан бой тасалаған. Қазір облыстық ПД күдіктіні ұстап, оқиғаға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, күдікті Нұр-Сұлтан қаласынан табылған. Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі «Қарақшылық» және ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.