Қазақ бишілері Бейжіңде әлемдік сахнада өнер көрсетеді

2 553

Фото: gov.kzҚазақ ұлттық хореография академиясының студенттері Бейжің би академиясының Dance Theatre сахнасында өтетін «Сұлулықпен үндестік: Би біліміндегі жаһандық тәжірибе алмасу» атты халықаралық көрсетілімге қатысады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл халықаралық жобаны Бейжің би академиясы ұйымдастырып отыр. Іс-шара Би білімінің дүниежүзілік альянсының (World Dance Education Alliance) қолдауымен өтеді. Би форумына 38 мемлекеттен 70-тен астам жетекші хореографиялық оқу орны қатысады.

Қатаң іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері үздік қатысушылардың бірі атанып, Қазақстан атынан әлемдік сахнада өнер көрсету құрметіне ие болды.

Көрсетілім бағдарламасында П. И. Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетіндегі Аврора мен Дезиренің па-де-де нөмірі орындалады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.