Димаш Құдайбергенді Сантьяго әуежайында жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

2 500

Фото: DimashnewsСантьягода өтетін концерті қарсаңында оны әуежайдан жанкүйерлері күтіп алды. Концерт билеттері алдын ала толық сатылып кеткен, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Чилидегі алғашқы сәлемдесу әнші ұшаққа қонбай тұрып-ақ естілді. Ұшақ қонғаннан кейін әуе кемесінің ұшқышы Қазақстандық өнерпаз бен оның командасына арнайы құттықтау сөзін арнады.

— Чилиге келген Димаш Құдайберген мен оның командасын қарсы аламыз. Мұнда өнерпаздың көптен күткен концерті өтеді. Қош келдіңіздер! — деді ұшқыш.

Әуежайда Димашты оның Чилиге келуін көп жылдан бері асыға күткен жанкүйерлері қарсы алды. Осы ерекше сәтке орай Dears фан-клубының мүшелері қазақстандық әншіге жылы ықыласын білдіріп, қолдау көрсетті.

Чили жұртының алдағы концертке қызығушылығы әнші елге келмей тұрып-ақ байқалды. Сантьягодағы концерттің барлық билеті алдын ала сатылып кеткен.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.