Қыз алып қашу – ұлттық дәстүрге жат ұғым

2 505

Фото: PexelsҚыз алып қашу қазақтың дәстүрлі салты болған деген пікір тарихи деректермен толық расталмайды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақ қоғамында неке қию, құда түсу, қыздың және оның отбасының келісімін алу маңызды.

Дәстүрлі құқық нормаларында қызды еркінен тыс алып қашу – заң бұзушылық әрі дау-дамайға себеп болатын әрекет. Тарихшы Бабақұмар Хинаят осындай пікірде.

Оның айтуынша, тарихи деректер мен этнографиялық зерттеулер қазақ қоғамында отбасыаралық келісім мен қоғамдық жауапкершіліктің жоғары бағаланғанын көрсетеді.
Сондықтан қыз алып қашуды қазақтың төл дәстүрі ретінде емес, жекелеген жағдайда кездескен әлеуметтік құбылыс ретінде бағалау дұрыс, – дейді маман.

Отбасын құру деген бұл қоғам заңында, адам заңында, діннің заңында бұл ерікті түрде болуы керек. Сол тұрғыдан келгенде адамды еркінен тыс алып кету, бұл – үлкен қылмыс. Мұндай масқаралық қазір әлемде жоқ. Қазіргі зайырлы қоғам принциптеріне мүлдем қайшы. Бұны алуантүрлі ақтап алғысы келеді. Бұл символдық ритуал дейік. Қазақ салтында әрдайым әйелдің салты жоғары болған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.