Алтыншы сынып оқушылары бесінші сынып оқушысын мектеп дәретханасында зорлаған
Қостанай облысындағы мектепте кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған оқиға тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай облысындағы мектептердің бірінде кәмелетке толмаған оқушылардың қатысуымен оқиға болды.
Хабарланғандай, зардап шеккен бала — 5-сынып оқушысы, болжамды қатысушылар — 6-сынып оқушылары. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.
Қордың ақпараты бойынша, зардап шеккен баланың анасы арызбен жүгінген, іс 16 қарашада тіркелген.
Жарияланымда сондай-ақ зардап шеккен баланың анасы өзіне қысым көрсетіліп жатқаны туралы хабарлағаны атап өтіледі. Қор Қостанай облысының полиция департаменті мен облыс прокуратурасынан істі бақылауға алуды, прокурорлық қадағалауды қамтамасыз етуді және жан-жақты тексеру жүргізуді сұрайды.
Осы іс бойынша құқық қорғау органдарының ресми пікірі күтілуде.
Қаз
Рус






