Із-түзсіз жоғалып кеткен жалғыз аққу іздестіріліп жатыр

1 727

Фото: ашық дерек көзіАққуды Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары іздестіріп жатыр, бірақ әлі нәтиже жоқ. Алайда қала тұрғындары бір күн бұрын аққуды көргендерін мәлімдеген, - деп хабарлайды, - "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жалғыз аққуды мейрамханада көргендерін хабарлаған ақтаулық ерлі-зайыптының айтуыларынша, аққу әрең ұшып, бірден қайта жерге қонған.


Сонымен қатар, қорық мамандары да аққуды іздеуге шыққан. Олар жағалауды толық қарап шығып, тұрақта тұрған барлық көліктің жүргізушілерінен, сондай-ақ жағалауда жүрген адамдардан аққу туралы сұраған, бірақ тағы да нәтижесіз. Жалғыз аққу жоғалып кетті.


Инспекторлар аққуды тұрғындардың бірі ұстап алып, теңізге жіберген болуы мүмкін екенін айтты. Қаракөл көлінде қырылған мыңдаған аққудан кейін, ақтаулық тұрғындар жалғыз аққудың өмірі үшін алаңдаулы.


Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда көл жағасынан 30 аққу өлі табылғаны хабарланды. Ал кейін "Қаракөл" көлінің жағасынан 300-ден аса өлі аққу табылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.