«Домбыра - харам»: Желіде оранған қыздың домбыраға қатысты айтқаны жұрт ашуын туғызды

150

Айтыскер Айшолпан Тілеутай желіде оранған қыздың домбыра тарту күнә деп айтқан бейнежазбасына қатысты пікірін жеткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Ақыркетте ұлтымызбен, ұлтшылдығымызбен өтпейміз, иманымызбен, некемізбен өтеміз. Мен домбыраға 5 жыл қатыстым. Домбыра тартқаным YouTube желісінде бар. Мектеп кезінде дін туралы білген жоқпын. Күні кешеге дейін домбыра тарттым. Бірақ домбыра – харам. Жүрекке тиді, кір екенін білінеді", – дейді видеодағы қыз.


Ал айтыскер ақын болса ұлттық аспапқа қатысты айтылған бұл сөздерге мән бермей отыра алмады. 

"Бабаларымыздың қанша ғасыр бойы жинаған құндылықтарын бір сәтте жоққа  бұл шығаратын қандай дін?Түсінбедім. Ақыретке иманымызбен өтеміз. Ұлтымызбен өтпейміз дейді. Мына қыздың басы әбден айналып, қиял әлеміне ұшып кетіпті. Алла не үшін бізді әр түрлі ұлт етіп жаратты? Қазақтан бала туылғанда түрі де, сарқырап аққан қаны да, ата- бабасынан берілген гені де, қазақ деп тұрмайды ма? Бұл ақиқаттан сен бас тарта алмайсың.
Ал, дінге келсек Құранның қай жерінде домбыра харам деп жазыпты? Қандай дәлелмен сөйлеп отыр бұл қыз? Ғалымдардың айтуынша құранда 6236 аят болса, соның 550 аятының сырын ғалымдар ашыпты. Оның бір ғана негізі бар. Сен Құдай алдына барғанда жүректің тазалығын ғана сұрайды. Домбыра есірген адамды жөнге салса, жүрекке тыныштық пен мейірім сыйласа, жүрек тазалығы мен еміне құрал болса, бұның несі харам?


Өздеріңіз білесіздер діни сауатты уағызшылардың арнайы рұқсат қағазы болу маңызды. Бұл қағаз үшін адамдар қанша жыл үздіксіз білім алады ненің ақ, ненің қара екенін таныған сауатты, білімді, адамдар ғана алады. Домбыра ол жәй ғана музыкалық аспап емес,ол біздің мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Домбыра қазақтың жүрегі!
Діні бар да, ұлты жоқ,
Сақалы бар да, мұрты жоқ.
Теке сақал, қырма мұрт,
Елдің түбіне сол жетер...", – деп жазды ақын.

Ақынның бұл сөзін желі қолданушылары да жаппай қолдай кетті. Олардың сөзінше мұндай жағдайда белгілі бір шара қолданылуы керек.


"Осыларға тоқтау қою керек, жетер шегіне жетті. Не білімдері жоқ, не тарихты білмейді, не салт-дәстүрді аттап басып. Қазақи құндылықтарды жою үшін, әдейі кобейтіп жатыр. Білімсіз адам - діншіл келеді, деп бекер айтылмайды. Осылар, құран да бетін ашып, толық оқымаған да шығар", "Домбыраны екінін бірі тартпайды. Қандайда да бір әуенді кім көрінген жазбайды. Ол да бір Құдайдын адамға берген сыйы деп білемін. Адаспандар... Музыка харам емес", "Тамыр жайылмай тұрғанда , тоқтату керек жоғарыдағылар қайда қарап отсыздар", - деп жазды оқырмандар.