"Қазпошта" мемлекеттік тілде хабарлама жіберуді тоқтатқан

92

Қазақстандықтар "Қазпошта" жұмысына наразылық білдіруде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ұлттық оператордың қазақ тілін менсінбейтініне Жандос Өстемір назар аударды.


"Масқара деп осыны айт. Қазпошта тек орысша SMS жазып қоймаған соң, бұларың не деп жазсам, Тәуелсіздіктің 32 жылы қарсаңында Михайлоков Кирил деген біреу былай дейді: Мемлекеттік тілде SMS жіберуге ақша жоқ. Бұрын екі тілде жазатын едік, сосын ақшаны үнемдеп, қазақтарға тек орысша жіберсек те жетер деп шешкен екен...", - деп жазды ол.


Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов бұл қазақ тілді азаматтардың құқықтарын бұзу екенін айтты.


“Бұл қалай сонда ? Неге мемлекеттік қаржыны бірінші кезекте мемлекеттік тілге жұмсамайсыздар? Бұл азаматтардың құқығын бұзу болып табылады. Себебі Тұтынышылардың құқығын қорғау заңы бойынша қазақ тілінде ақпарат беруге міндеттісіздер”, – деді ол.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.