Бір үйдің екі баласы суицид жасаған

1 660

Фото: ашық дерек көзіСолтүстік Қазақстан облысында бір үйдің екі бірдей баласы суицид жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға 28 сәуір күні Айыртау ауданында болған. 22 жасар келіншек қораға барып асылып қалған. Мұны көрген оның 17 жастағы інісі орманға кетіп, ол да өзіне қол салған.


"Айыртау аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне ауданның екі тұрғыны суицид жасады деген хабарлама түсті. Қазір өз-өзіне қол салуға дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр", - деді СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі.


Келіншектің артында 1,5 жастағы баласы қалды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.