Құлақта тұрған кезде HONOR X7i құлаққабы жарылып кеткен

1 500

Фото: info_aqtobeПайдаланушы HONOR X7i үлгісіндегі сымсыз құлаққаптың тура құлақта тұрған кезде жарылған, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Құрылғы қатты дыбыстан кейін бірден түтіндеп кеткен. Куәгердің айтуынша, жарылыс дыбысы тапаншадан атылған оқпен бірдей болған.Кадрларда жану іздері қалған, корпусы зақымдалған гаджет көрінеді. Құлаққаптың бір бөлігі еріп, күйіп кеткен.

Мамандар ескертеді: құрылғының корпусы аздап қызып немесе ісінсе, аккумуляторы бар кез келген электрониканы бірден пайдалануды тоқтату керек. Оны қуатқа қосуға, құлаққа салуға немесе қалтада ұстауға болмайды. Мұндай жағдайда құрылғыны жанғыш заттардан алыс, қауіпсіз жерге қойып, өндірушіге немесе сервис орталығына хабарласқан жөн.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.