Әскери қызметшілердің ас мәзіріне ұлттық тағамдар енгізіледі
Ұлттық ұлан әскери қызметшілердің тамақтану рационына ұлттық тағамдарды енгізуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ҰҚК Шекара қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігі тыл қызметтері өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында белгілі болды.
Жаңартылған армиялық рационға қазақша ет, сірне, наурыз-көже, нарын, кеспе, бауырсақ және басқа да дәстүрлі тағамдар енгізіледі.
Ұсынылып отырған өзгерістер алдын ала Қазақ тамақтану академиясымен келісілген, себебі калориясы мен энергетикалық құндылығы жоғары ұлттық тағамдармен байытылған рацион зат алмасуды, иммунитетті жақсартуға және қарқынды жүктемеден кейін күш-қуатты қалпына келтіруге ықпал етеді.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Ұлттық ұланның бастамасы қолдау тапты. Алдағы уақытта осындай жұмыс ортақ күшпен жалғасатын болады.
Бұл бастама әскери қызметшілердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды патриоттық рухта тәрбиелеуде маңызы рөл атқарады.
Дәстүрлі тағамдар туған жерін, жақын адамдарын еске салып, мәдени мұрамен байланысты арттырады деп есептейді әскери медицина және психология саласындағы сарапшылар.