Сау бола тұра мүгедек арбасына отырып қайыр сұраған шымкенттік жазаланды

281

Жетісай ауданына барып қайыршылықпен айналысқан шымкенттік ұсталды. Ол алақан жаю үшін мүгедек адам кейпіне еніп, арбаға отырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.



Жетісай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары қайыршылықпен айналысуды әдет еткен 3 тұрғынды анықтап, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен «Қоғамдық орындарда тиісу» негізінде хаттама толтырды. Аталған құқық бұзушы 3 ер адамның екеуі жергілікті, біреуі Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

«Олар орталық базарда қайыршылық жасаған. Бұдан бұрын ескерту де берілген. Сонымен қатар, жұртқа алақан жайып, қайыр сұрап отырған шымкенттік ер адамның мүгедектер арбасында отырғаны жай көзбояушылық екені белгілі болды. Яғни, тексеру кезінде оның өз аяғымен жүре алатыны анықталды» - дейді полиция майоры Еламан Абишев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.