Ер адам әскерде зорлық көргенін айтып жалған ақпарат таратқан

1 508

Фото: ©Polisia.kzӘлеуметтік желіде тараған әскердегі сексуалдық зорлық-зомбылық туралы жалған ақпаратқа сеніп қалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап. 

Threads әлеуметтік желісінде белгісіз аккаунт арқылы бір желі қолданушысы әскерде жүргенінде жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын және қазіргі уақытта қудалаудан қорқатынын мәлімдеген. Азаматтар әлеуметтік желіде тараған әскердегі сексуалдық зорлық-зомбылық туралы жалған ақпаратқа сеніп қалған. Алайда құқық қорғау органдары бұл оқиғаның шындыққа жанаспайтынын анықтап, алаяқтық жасады деген күдікпен 23 жастағы Астана тұрғынын ұстады.

Кейін бұл оқиға желі қолданушыларының бірінің күдігі арқылы тексеріліп, жалған екені белгілі болды. Тергеу барысында көрсетілген есепшот 17 жастағы жасөспірімге тиесілі екені анықталған. Оның айтуынша, танысы қарызын аудару сылтауымен реквизиттерін сұрап, өз есепшотын пайдаланған. Нәтижесінде екі күн ішінде есепшотқа жүзден астам аударым түскен. Жедел шаралар барысында жазба авторы ұсталған. Полиция оның әскерде мүлде болмағанын және ақпаратты әдейі ойдан шығарғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта жалған ақпарат тарату және алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынған.