Кореяда алаяқтарға алданған 20 жастағы қазақ жігіті мен анасы өлі табылды

1 524

Фото: Stan.kzОңтүстік Кореяның Чхунбук провинциясынан 20 жастағы қазақстандық жігіт пен анасының мәйіті табылды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Тергеу дерегінше, жігіт телефон алаяқтарына алданып, шамамен 17 миллион теңгесінен айырылған.

Алаяқтар өздерін прокурор ретінде таныстырып, жігітті қылмыстық іске қатысы бар деп қорқытқан. Кейін оны мотельге оқшаулап, жақындарымен байланысын үздіріп, ақшасын криптовалюта арқылы өздері көрсеткен әмиянға аудартқан.

Тергеу барысында күдіктілердің Алматыда әрекет еткені анықталған. Биыл наурыз-мамыр аралығында 100-ден астам адамды алдап, 5,8 миллиард вон (шамамен 2 млрд теңге) жымқырған топтың 19 мүшесі ұсталған. Қазақстан мен Оңтүстік Корея полициясы бірлескен операция жүргізген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.