Болат Өтемұратов OLX-ті 81 млн долларға сатып алды

2 500

Фото: Opennews.kz ЖИБұрын президент ісін басқарған Болат Өтемұратовқа қатысы бар «Верный Капитал» компаниялар тобы OLX Group-тен OLX Қазақстанның 100% үлесін сатып алу мәмілесін аяқтады, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Сатып алу Beeline Қазақстан арқылы жүзеге асты. Мәміле барлық қажетті мемлекеттік реттеу рәсімдері аяқталғаннан кейін күшіне енді. Келісімнің құны 81 млн доллар.

OLX Қазақстан сайтын ай сайын шамамен 9 млн адам белсенді пайдаланады. Платформа түрлі тауар мен қызмет, жұмыс орындары, автомобильдер және жылжымайтын мүлік туралы хабарландыру жариялау мүмкіндігін ұсынады.

Қазақстандағы ең дәулетті кәсіпкерлердің бірі Болат Өтемұратовтың банк, телекоммуникация, қонақүй, жылжымайтын мүлік және білім беру салаларында бизнесі бар. Актив жағынан елдегі бесінші орында тұрған Forte Bank-ке ие. Оның «КаР-Тел» ЖШС (Beeline және IZI) үлесі бар. Forbes оның байлығын 5,4 млрд доллар деп бағалайды

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.