Ірі кәсіпорындар су тасқынынан зардап шеккен халыққа 1,7 млрд теңге аударды
Еліміздегі ірі кәсіпорындар су тасқынынан зардап шеккендерге 1,7 млрд теңге аударды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазақстан арнасының ақпаратынша, «Қазақмыс» корпорациясы «KAZ Minerals» тобымен бірлесіп, 800 млн теңге бөлді.
Қостанайдың «Allur», «Саранское – QazTehna» кәсіпорындары Теміртаудың «Qarmet» компаниясымен бірігіп 500 млн теңге аударған. Қаражатты «Демеу Қазақстан» қорына жіберген.
Табиғи ресурстарды өндіру және өңдеумен айналысатын «Eurasian Resources Group» компаниясы 400 млн теңге бөлген. Ал «Қазақстан халқына» қорына 850 млн теңге түскен. 30 сәуірге дейін қор бұл қаржатты зардап шеккендерге баспана салу үшін жібереді.