Қазақстан "Росатоммен" АЭС салу бойынша келіссөздер жүргізуде
260
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Қазақстан "Росатоммен" атом электр станциясын салу бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын жеткізді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Біз күн мен жел энергиясына инвестиция тартуымыз керек, бірақ бұл көмірге деген тәуелділікті толығымен алмастыра алмайды. Кей жерлерде газ қажет болады, сондай сәттерде біз "Газпроммен" ынтымақтасамыз, бірақ қалай дегенде де Қазақстанға атом электр станциясын салуға тура келеді. Біз қазірдің өзінде, соның ішінде "Росатоммен" де келіссөздер жүргізіп жатырмыз", - деді Келімбетов "Коммерсант" газетіне берген сұхбатында.
Оның сөзінше, Қазақстан өзіне 2060 жылға қарай көмірден мүлдем бас тарту міндетін алған. Ал қазір Қазақстанда көмірдің көмегімен жұмыс істейтін энергия 70 пайызды құрайды.
"Бір сөзбен айтқанда, декарбонизация көмірден бас тарту ғана емес, ол мұнай мен газдан табыс тапқан ескі энергетикалық модельден белгілі бір экономикалық модельге көшу, ал мұнда электр энергетикасының рөлі бөлек. Тарифтерде те әртүрлі. Бүгінгі таңда тариф мөлшері төмен, ал оның өскені халық пен өнеркәсіп үшін жақсы жаңалық болмайды, ал соңғысының бәсекеге қабілеттілігі төмендеп бара жатқаны анық. Бірақ бұл шындық", - деді Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің басшысы.
Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте парламент отырысының ашылуында айтқан халыққа жолдауында үкімет пен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсырған. 30 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Ресей мен Қазақстан арасындағы XVII өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысы барысында Ресей Федерациясы шетелдік серіктестерге, соның ішінде Қазақстанға атом электр станциясының құрылысына көмек пен қолдау көрсетуді ұсынатынын жеткізген.