90-ға жуық несие беретін ұйым лицензиясынан айырылды

2 558

Фото: n26.comБылтыр микрокредит беретін ұйымдарға 155 млн теңге сомасына айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Агенттік микрокредит беру субъектілерінің қызметін тұрақты түрде тексереді. Мәселен, 2023 жылы 370 тексеру жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша 198 қадағалау шарасы қабылданды, 155 млн теңге сомасына 529 айыппұл салынды», - деді О.Қизатов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.


Бұл тұрғыда микроқаржы ұйымдарының 60 күн қарыз төленбесе де микрокредиттер беруі, есептеу талаптарын бұзуы, кредиттік бюроға ақпаратты уақытылы ұсынбауы және сыйақының шекті мөлшерлемесінен асып кетуі сияқты кемшіліктері анықталды.


«Қадағалау қызметінің қорытындысы бойынша 88 микрокредит беру субъектісі, оның ішінде 16-сы мәжбүрлі түрде лицензиясынан айырылды», - деді агенттік өкілі.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.