Қызылордада 9 жасар баласына көлік жүргізуге рұқсат берген әке айыппұл арқалады

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИҚызылорда облысының Арал ауданында 9 жасар баланың көлік жүргізгені анықталды. Сот шешімімен оның әкесіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген бақылау барысында кәмелетке толмаған баланың көлік тізгінінде отырған видеосын анықтаған.

Оқиға күндіз Арал ауданындағы көшелердің бірінде болған. Бейнежазбаны тексерген тәртіп сақшылары Toyota Sienna автокөлігін 9 жасар бала жүргізгенін анықтады.

Тексеру барысында көліктің баланың әкесіне тиесілі екені белгілі болды.

Баланың әкесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Оқиғаға байланысты баланың әкесі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімімен оған айыппұл салынды. Дегенмен айыппұл мөлшері белгісіз.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері баламен және оның ата-анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.