Шетелдік блогермен видеоға түскен полицейлер жұмыстан қуылды

1 516

Фото:© Видеодан скринАстана қалалық Полиция департаменті қызметтік міндеттерін атқару кезінде әдеп нормалары мен ішкі тәртіпті бұзған туристік полиция қызметкерлерінің жұмыстан босатылуына қатысты ресми түсініктеме берді, -деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде және формалық киімде мұндай әрекетке жол беру орынсыз. Полиция қызметкері кез келген жағдайда кәсіби арақашықтықты сақтап, белгіленген мінез-құлық мәдениетін ұстануға міндетті, – деді мекеме өкілдері.

Ішкі тексеру қорытындысы бойынша екі полиция қызметкері де жұмыстан босатылды.

Еске сала кетейік, желіде белгілі мысырлық тревел-блогер Ахмед Хаггагтың Астанадағы «Хан Шатыр» СОО маңында орналасқан «Ғашықтар саябағында» формадағы полицей қыздарды көтеріп, айналдырып жүрген видеосы тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Айта кетейік, Ахмед Хаггаг — әлемнің 193 елін аралаған танымал саяхатшы-блогер, оның әлеуметтік желілердегі жалпы аудиториясы 10 миллионнан асады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.