сүйіктісін пәтерде өлтіріп, қыздың жинаған ақшасын досына аударып жіберген

1 500

Фото: t.me/kozachkowИнтернет арқылы басталған астаналық жігіт пен қыздың таныстығы адам өлімімен аяқталды. Жігіт қызды белгісіз себеппен өз пәтерінде тұншықтырып өлтірген, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Kozachkov offside Telegram арнасының мәліметінше, Алина мен Владислав биыл қаңтар айында интернет арқылы танысып, кездесе бастаған. Алайда біраз уақыттан кейін қыз жігіттің өзіне лайық емес екенін түсініп, бұл туралы әпкесі мен тәтесіне айтқан.

Алина Владиславпен қарым-қатынасын тоқтатып, кейін Таиландқа ұшуды жоспарлап жүрген. Ол бұл сапарға ұзақ уақыт дайындалып, ақша жинап, тіпті жолға шығар алдында жаздық киімдер сатып алған. Алайда бұл саяхат Алинаға бұйырмады.

4 ақпан күні Владислав пен Алина қайта кездескен. Олар бірнеше жерге барып, сыра ішкеннен кейін қыздың пәтеріне барған. Ол кезде Алина құрбысының үйінде уақытша тұрып жатқан. Жастардың арасында нақты не болғаны белгісіз. Бірақ Владислав Алинаны тұншықтырып өлтірген. Одан кейін қыздың банк шотындағы барлық ақшаны досының есепшотына аударып, ештеңе болмағандай такси шақырған. Кейін ары қарай көңіл көтеруге кеткен.

Досы оған ақшаның не үшін аударылғанын сұрағанда, Владислав смайликпен жауап берген.

Келесі күні ол досынан Алинаың жинаған ақшасын қолма-қол шешіп беруін сұраған. Қаскөй бұл ақшамен Таразға кетпек болған. Алайда жолда оны полиция қызметкерлері ұстап алды.

Осы уақытта марқұмның денесі табылған еді. Алинаның әпкесі бойжеткеннің қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермегеніне алаңдап, құрбысымен бірге пәтеріне барған.

Владислав Андрюшкин ұрлық жасағанын мойындағанымен, кісі өлтіру айыбын абайсызда өлімге әкеп соғу бабына ауыстыруды сұраған. Мұндай жағдайда ол ең көп дегенде екі жылға сотталуы мүмкін еді.

Алайда судья Саят Ташимбаев қылмыстың қасақана жасалғаны туралы қорытындыға келіп, айыпталушыны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген.

Марқұмның әпкесі сот үкімімен келіспейді

Алинаның әпкесі Александра сот шешімін әділ деп санамайды.

“Бір күні ол түрмеден шығып, жақындарының жанына оралады, өмір сүруін жалғастырады. Ал менің сіңлім мәңгілік қара жердің астында қалды”, – деп жазды марқұмның жақыны.

Оның пікірінше, адам өлтіргені үшін берілген жаза қылмыстың ауырлығына сай болуы керек.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.