Алматы әуежайында жұмысшы қаза тапты

1 500

Фото:Алматы әкімдігіАлматы әуежайында адам өліміне әкелген жазатайым оқиға болды. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Не белгілі?

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазір болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Редакция әуежайдың баспасөз қызметіне де хабарласқан. Алайда материал жарияланған сәтте ресми түсінік бермеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.