Қызылордада әйелін ұрып-соққан ер азамат жауапкершілікке тартылды

254
Қызылордалық 47 жастағы азамат отбасында жанжал шығарғаны үшін жауакершілікке тартылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жедел «102» арнасына 47 жастағы азаматша өзінің заңды некедегі жолдасы мас күйінде тұрмыстық жанжал шығарып балағаттап, бопсалап, соққыға жыққаны туралы хабарлады.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері әйелін ұрып-соққан ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі (Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Осыған сәйкес, құқық бұзушы әкімшілік қамақтан босатылғаннан кейін, учаскелік полиция инспекторлары, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы қызметкерлері құқық бұзушы азаматпен профилактикалық әңгіме сөз жүргізді.


Қызылорда қаласы ПБ баспасөз қызметі
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.