"Соғысқа жіберуге 3 күн қалды": Ресейде жүрген қазақстандық жігіттер көмек сұрады

1 500

Фото: threads.comҚазақстаннан Ресейге жұмыс істейміз деп кеткен қазақстандықтардың әлеуметтік желіге өздері шығып, бейнеролик жариялады. Қайсар Алмаз есімді азамат әлеуметтік желіге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады, - деп  хабарлайды  Opennews.kz  ақпараттық агенттігі.

Қазақстан азаматы Қайсар Алмаздың мәліметінше, оларға 1 немесе 2 күннен соң Қазақстанға алып кетеді деп айтқан, алайда 10 күннен бері ешқандай да жауап келмеген.

“Барша қазақ елінен, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінен және елшіліктен, Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраймыз. Бізді соғысқа аттандыруына небәрі 3 күн қалды. Бірге келген 15 шақты адам қалып еді, бірақ қазір 10 шақты адам қалды”, – деді Қайсар Алмаз.

Қайсардың айтуынша, оларға өз еркімен емес, күштеп соғысқа баруға қол қойдыртып, аттандырып жіберген. Қазақстан тарапы Ресей елшілігімен ресми қол қойып аман есен алып келеміз деп уәде берген.

“Біз нақты жауап ала алмай отырмыз. Біз басқа жерде соғысып өлгенше, өз жерімізді қорғап өлгеніміз артық. Бізді уақытша ұстау изоляторына апарып қамап тастаса да, сол жақта жатып жауабын күте береміз”, – деді Қайсар Алмаз.

Сөз соңында қазақстандық жауынгер Қазақстан тарапы тезірек қимылдамаса, оларды да жақын арада соғысқа алып кететінін тілге тиек етті. Сондай-ақ, Қайсардың осы мәлімдемесінен кейін тағы бір Шахназар Жүсіп есімді қазақстандықтың жақыны да көмек сұрап әлеуметтік желіге жариялады.

Бұған дейін бұл жағдайға Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасаған еді. Өз сөзінде оларға соғыста қалып кеткен қазақстандықтардың жақындары тоқтаусыз хабарласып жатыр. Соғыс қимылдары жүрiп жатқан аймақта жүрген қазақстандықтардың туыстарынан келетін өтініштерді қабылдау үшін Министрлікте арнайы жедел желі жұмыс істейді.

“Қазақстандықтарды Отанына қайтару жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу мақсатында СІМ Ресей тарапымен консультацияларды жалғастырып жатыр”, – деп жауап берді Сыртқы Істер министрлігі.

2-қазанда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілімен кездесті.

“Жақын арада Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Ресей Сыртқы істер министрлігінің және Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесулер өткізеді”, – деп жауап берді министрлік.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.