Instagram-дағы бір жарнама: ерлі-зайыпты 10 млн теңгесінен айырылды

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИСолтүстік Қазақстан облысында ерлі-зайыпты интернет-алаяқтарға алданып, 10 млн теңгесінен айырылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

СҚО аудандарының бірінде ауылдық жерде тұратын ерлі-зайыпты интернет-алаяқтардың «инвестиция» схемасына алданып, 10 миллион теңгесінен қағылған.

60 жастағы ауыл тұрғынының Instagram желісінен 1991 жылға дейін туған азаматтардың барлығына белгілі бір банк төлем жасайтыны туралы жарнаманы көруінен басталған. Әйел өтінім беріп, аты-жөні мен телефон нөмірін көрсеткен. Көп ұзамай оған өзін «Goldmans Group» брокерлік компаниясының маманы ретінде таныстырған адам қоңырау шалған.

Дәл осындай атауды нан-тоқаш өнімдерін шығаратын нақты кәсіпорын да пайдаланады. Алаяқ әйелге инвестиция арқылы табыс табуды ұсынған. Оның нұсқауын орындаған ауыл тұрғыны «сауда шотын» ашып, банк сервисі арқылы бөліп төлеуге алған 100 долларды сол шотқа аударған. Кейін шамамен бір ай бойы онымен өзін «аналитик» деп таныстырған әйел байланыста болып, «инвестиция» жасау бойынша «кеңес» беріп отырған. Ауыл тұрғыны бұл схемаға күйеуін де қатысуға көндірген. Олар барлық жинаған қаражатын жұмсап, әртүрлі банктерден несие алған. Кейін ғана кибералаяқтардың құрбаны болғандарын түсінген.

— Келтірілген шығын көлемі 10 миллион теңгені құрады. Осы дерек бойынша полицейлер алаяқтық схемаға дроппер ретінде қатысқан бірқатар адамды анықтады. Тәртіп сақшылары түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін жәбірленушілер дропперлерден келтірілген шығынды өндіру туралы азаматтық сотқа талап арыз берген, — дейді тәртіп сақшылары.

Полицейлердің айтуынша, «инвестиция» арқылы алдау схемасы ең көп таралған тәсілдердің бірі емес. Жыл басынан бері СҚО-да мұндай алаяқтықтың 16 дерегі тіркелген. Алайда мұндай қылмыстар көп жағдайда аса ірі мөлшердегі шығынға әкеледі. Интернет арқылы табыс табуды жоспарламас бұрын, бұл мәселені мұқият зерттеген жөн. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.