Дәрігерлер үш магнит жұтып қойған 5 жасар баланы әрең құтқарып қалды
Алматыдағы №2 клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері біраз уақыт бұрын үш магнит жұтып қойған бес жасар баланы аман алып қалды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, дәрігерлер үш магнитті баланың ішін тілмей, лапароскопия жолымен алмақ болған.
Балаға ота жасаған дәрігер, №2 клиникалық балалар ауруханасы директорының орынбасары Марат Қаптағаевтың айтуынша, баланы аман алып қалу үшін осылай күрделі ота жасау керек болған.
Дәрігер ең кішкене деген магниттің өзі бала денсаулығы үшін өте қауіпті екенін, ондай ойыншық алмау керегін, ал бала магнит жұтып қойды деген күдік туса, бірден ауруханаға келу керегін ескертті.
Қаз
Рус






