"Шектен шыққандық па? " Оқушылардың бұл әрекеті көпшілікті таң қалдырды
Әлеуметтік желіде мектеп ішінде самокат пен велосипед тепкен оқушылардың видеосы тарады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Кадрларда оқушылардың дәлізде еркін жүріп, мектеп тәртібін бұзғаны байқалады. Оларға мектептің жасы үлкен қызметкері ескерту жасап, тәртіп сақтауға шақырған. Алайда оқушылар ескертуді елемей, керісінше қызметкерді мазақтап, күліп, әдепсіз әрекет көрсеткен.
Мына видеодан кейін мектеп пен ұстаз мәртебесі қандай болады. Айтарға сөзім жоқ. Қатаң түрде жазаласын, басқаларға сабақ болады,- деп жазуда пікір білдірушілер.
Оқушылардың бұл әрекетіне барлығы "Жауапқа тартсын" деп наразылыған білдіріп отыр.
Қаз
Рус






