Құлақ тескізбек болып, көзінен айырылып қала жаздады

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИҚыз құлағын тескізгеннен кейін көзі күйіп, көру қабілетінен айырылып қала жаздады — қыз Нижневартовскідегі пирсинг-салонда кварц шамына бір минуттай қарап отырған, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

28 жастағы Мария (аты-жөні өзгертілген) кушеткада жатып, бөлмені залалсыздандыруға арналған аппаратқа (рециркулятор) қарап жатқан, оның ішінде кварц шамы жұмыс істеп тұрған. Оның айтуынша, сырт қарағанда бұл қандай құрылғы екені түсініксіз болған. Түнде көзі қатты ашып, қызарып, өткір ауырсыну пайда болған. Таңғы сағат төртке қарай қыз қабағын аша алмай қалған, ал көз алдын бәрін перде тұмшалаған.

Ауруханада офтальмолог көздің беткі қабатының күйгенін анықтады. Процедура кезіндегі тікелей әсерден ультракүлгін сәуле тіндерді зақымдаған.

Ауыр жағдайларда мұндай күйіктер мөлдір қабықтың тыртықтануына, көру қабілетінің тұрақты төмендеуіне және тіпті қайтымсыз соқырлыққа әкеледі. Сондай-ақ созылмалы ауырсыну және жарыққа жоғары сезімталдық сақталып қалуы мүмкін.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.