Қазалы ауданында жас кәсіпкерлер бас қосты

161

Орталық сайлау комиссиясының ҚР Президенті сайлауы бойынша қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31% дауыс жинап, айқын жеңіске жеткен болатын,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Бүгін Қазалы аудандық партия филиалында сайлау қорытындысын қолдау және талқылау мақсатында жас кәсіпкерлермен кездесу өтті. 


Жиынды ашып жүргізген «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалы жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Бөріқұлақов Талайлы Әмитжанұлы дауыс беру күні аудан тұрғындарының белсенділігі жоғары болғандығын айтып, бұл Әділетті Қазақстанды таңдаудағы ұлт бірлігінің ерекше көрінісі екендігін жеткізді. 


«2022 жылдың 26-қарашасында Астанамыздағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланған Қасым-Жомарт Кемелұлының ұлықтау рәсімінде халық алдында ант беруінің куәсі болып қайттым. Президент алдағы қызметінің бірқатар негізгі бағытын атап өтті. Мемлекет басшысының ұлықтау рәсіміндегі сөйлеген сөзінде ауылды өркендету ісіне назар аударғаны бізді қатты қуантты. Сондықтан Мемлекет басшысының барлық жоспар-бағдарламалары өз мақсатына толық жетіп, ел игілігін көретін күн де алыс емес», – деп сөзін қорытындылады

Сонымен қатар алдағы жылдардағы жұмыстардың оң нәтижесіне жету үшін бірлесе жұмыс атқаруға, Әділетті әрі 
Қуатты Қазақстанды бірге құруға шақырды. Жиынға қатысқан жас кәсіпкерлер кәсіпкерлік саласына қатысты сұрақтары мен өз ойларын ортаға салып, еліміздің жарқын болашағы үшін жасалып жатқан жұмыстарды қолдайтындарын жеткізді.