«Бір донор – бес тағдыр: Астанада ерекше ота жасалды»
Елордада мәйіттік донордың бірнеше ағзасы бір мезетте 5 адамға трансплантацияланды. Марқұмнан жүрек, өкпе, бауыр және бүйрек сынды өмір үшін маңызды органдар алынды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі kaz.zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Операция жасалғандардың ішінде бір бала бар. Ағза алмастыруға мұқтаж жандар ұзақ жыл кезек күтіп, есепте тұрды. Өлімнен кейін ағзасын донорлыққа берген адамның туыстары бұндай күрделі шешімге қалай барғандарын баяндап берді. 45 жастағы Әлия есімді әйел кенеттен көз жұмды. 6 сәуір күні ол жұмыстан келе жатып ес-түссіз құлаған. Бірден ауыр халге түсіп, дәрігерлер өмірі үшін күні-түні күресті. Алайда, үміт үзіліп, дәм-тұзы таусылды. Жағдайдан кейін дәрігерлер туыстарына мәйіт донорлығы мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Жақындарына шешім қабылдау оңай болған жоқ. Алайда келісім беруге марқұмның көзі тірі кезінде айтқан сөздері әсер еткен.
Қазима Ғайсарова, мәйіттік донордың анасы:
ҚР ДСМ Транспланттау және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру орталығының үйлестірушісі Сәуле Абраева көпшілікте мәйіт донорлығына келісім беру жайында қате түсінік қалыптасқанын айтты.
"Бұл дұрыс емес. Ағзалар тек ми өлімі расталғаннан кейін ғана алынады. Ми өлімін бірнеше маман тыңғылықты клиникалық тексерулер арқылы растайды. Ми өлімі 24 сағат ішінде нақтыланады. Ол расталмайынша, пациент ықтимал донор ретінде қарастырылмайды. Бүгінде 16 мыңнан астам қазақстандық eGov платформасы арқылы мәйіт донорлығына келісім берген. Ал 100 мыңнан астам адам одан бас тартқан. Ағза трансплантациясын күткендер тізімінде 4600 адам бар. Жыл сайын олардың саны артып келеді",- дейді дәрігер.







