Сауда үйінен 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИҚарағанды қаласындағы сауда үйлерінің бірінен 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Қайғылы оқиға 16 қарашада болған, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Куәгерлердің мәліметінше, ер адамның денесі сауда үйіндегі ана мен бала бөлмесінен анықталған. Оны алғаш болып нысанның күзетшісі байқаған.

Оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді.

«16 қарашада Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінен өз-өзіне қол жұмсаған 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп жауап берді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.