Жол апаты салдарынан 38 жастағы әйел көз жұмды
Алматы облысы Балқаш ауданында адам өлімімен аяқталған жол апаты болғаны туралы ақпарат тарады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
БАҚ мәліметінше, 38 жастағы әйелді күйеуі, яғни полиция қызметкері жүргізіп келе жатқан көлік қағып кеткен. 16- шы мамырда Балқаш аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қапшағай - Бақанас тасжолында жұбайын қағып өлтірген. Оқиға қызметтік көлікпен болған. Алматы облысы Полиция департаменті әйел қаза тапқанын растады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қылмыс жасады деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Оқиға салдарынан әйел сол жерде көз жұмды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Полицияның баспасөз қызметі бұл оқиғаға қызметкердің қатысы бар-жоғы туралы ақпаратты растамады, жоққа да шығармаған.







