Ақтөбелік танысын алдап соғып, 24 миллион теңгесін жымқырған

303

Ақтөбе қаласының 26 жастағы тұрғыны "кәсіпкерлікті дамыту қорынан несие алып беруге көмектесемін" деп танысын сан соқтырды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Жәбірленушінің айтуынша, банк қосымшасы арқылы танысының есепшотына шамамен 24 миллион теңге аударған.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. ҚК-тің 190 бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оның осындай тағы басқа іске қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Егер күдіктінің қылмысы дәлелденсе, мүлкі тәркіленеді, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы шеттетіледі. Сондай-ақ 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.