Қазақстанда бастапқы жарнасы 10 пайыз болатын жаңа ипотекалық бағдарлама әзірленіп жатыр

2 505

Фото: Opennews.kz ЖИЕлде бастапқы жарнасы 10 пайыз болатын жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылуы мүмкін. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі баспана алудың жаңа тетігін әзірлеп жатыр. Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Бақытжан Жүнісбековтің айтуынша, қазір «7-20-25» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша бастапқы жарна 20 пайызды құрайды. Ал «2-10-20» және «5-10-25» сияқты мемлекеттік қолдау бағдарламаларында бұл көрсеткіш 10 пайыздан басталады. Енді министрлік қарыз қаражатын нарықтық тетіктер арқылы тартып, бастапқы жарнаны 10 пайыз деңгейінде белгілеу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

«Біз қазір бастапқы жарнасы 10 пайыз болатын, қарыз қаражатын нарықтық тетіктер арқылы тартуды көздейтін механизмді әзірлеп жатырмыз», – деді Бақытжан Жүнісбеков.

Жаңа бағдарлама «Отбасы банкпен» бірлесіп дайындалып жатыр.. Дегенмен оны Қазақстан тұрғын үй компаниясы және екінші деңгейлі банктер арқылы да іске асыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Жүнісбековтің сөзінше, жаңа тетікке тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша бағдарламалары бар банктерді де тарту жоспарланған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.