Коммуналдық тариф қымбаттады
2 696
Баға шарықтауы – отбасы бюджетін тығырыққа тіреуде. Күн сайын қымбаттап жатқан азық-түлік пен қызмет түрлері қарапайым халықтың қалтасына ауыр соғуда,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Елімізде жылдық инфляция жеделдеді: 2025 жылғы мамырда ол 11,3%-ды (сәуірде 10,7%-ды) құрады. Ақылы қызметтер бір жылда бірден 16%-ға (сәуірде 15,7%-ға), азық-түлік тауарлары 9,6%-ға (сәуірде 8,5%-ға), азық-түлік емес тауарлар 9%-ға (сәуірде 8,9%-ға) қымбаттады.