Зейнетақыға қанша қосылады?

1 610

Фото: Арман Мухатов2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы мөлшері артпақ,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Сенатқа Мәжіліс мақұлдаған 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы енгізілді. Жобада әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы көлемін көтеруге қатысты маңызды жаңалықтар қарастырылған.

Заң жобасына сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты төленетін зейнетақы және еңбек өтілі үшін берілетін зейнетақы 10%-ға ұлғаймақ.

Сонымен қатар, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік көрсеткіштер келесі деңгейде белгіленеді:

  • Ең төменгі жалақы: 85 000 теңге

  • Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері: 35 596 теңге

  • Ең төменгі зейнетақы мөлшері: 69 049 теңге

  • Айлық есептік көрсеткіш (АЕК): 4 325 теңге

  • Ең төменгі күнкөріс деңгейі: 50 851 теңге

Бұл өзгерістер бюджеттік жоспарларға сәйкес әлеуметтік қолдауды күшейту және зейнеткерлердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.