Ұлттық банк пен KASE қаржы нарығындағы сауда тәртібін өзгертті

294

Қазақстан Ұлттық банкі мен KASE сәрсенбі күні өтетін қаржы нарығындағы сауда тәртібін өзгертті, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


"Теңге-АҚШ доллары валютасындағы сауда 9 наурызда Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де франкфурт аукционы форматында басталады", - делінген Ұлттық банк хабарламасында. 


Мұндай шешім сыртқы факторлар қысымы мен құбылмалылық кезінде валюта нарығындағы тұрақсыздыққа жол бермеу үшін қабылданған. 


"Валюта нарығындағы сауда режимі туралы ақпарат уақытылы, ресми ақпарат арналары арқылы беріледі", - деп қосты ведомстводағылар.


Айта кетейік, қазір доллар ақша айырбастау пункттерінде 511,5-517,5 теңгеге саудалануда.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.