2023 жылдан бастап Қазақстанның зейнетақы нарығында бірнеше өзгеріс болуы мүмкін - Еңбекмин

418
Қазақстанда 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылдан бастап Қазақстанның зейнетақы нарығында бірнеше өзгерістер күтілетінін хабарлады.

Біріншіден, келесі жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы бес жыл ішінде 61-жаста тұрақтап қалады. Екіншіден, ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің (36 018 теңге) 54%-дан 70%-ға дейін, ал ең жоғары-тиісінше 100%-дан 120%-ға дейін ұлғаяды. Бұл процесс 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ. Осылайша, Еңбек министрлігі базалық зейнетақының орташа мөлшерін шамамен 13%-ға (жыл сайын) немесе бүкіл кезең ішінде 51%-ға арттыруға ниетті.

Сондай- ақ, ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс – 46-дан 55 АЕК-ке дейін көтерілетiн болады.

"Бұл жүйеге жаңадан кірген зейнеткерлерге де, қазіргілерге де қатысты. Ұсынылған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті министрлікте.

Осы түзетулер сенат ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында мақұлдаған мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілді. Қазіргі уақытта құжат Мемлекет басшысының қарауына жолданды.

Сонымен қатар, Еңбек министрлігінде Әлеуметтік кодекс жобасындағы басқа да түзетулер әзірлеу туралы айтылды. Олардың ішінде зейнетақы жинақтарын жеке қаржы компанияларын басқаруға аудару және Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) тиімді инвестициялық стратегиясын құру бар.

Бұған дейін, мәжілісмендер БЖЗҚ жұмысын сынға алған болатын. Олардың пікірінше, елімізде азаматтарымыздың зейнетақы жинақтарының деңгейіне қатысты проблемалар бар. Сонымен бірге, олар қазақстандықтарға бұл қаражатты коммуналдық қызметтер мен несиелерді өтеуге жұмсауға рұқсат беруді ұсынады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.