Есірткіге мас күйде болған: мопед басқарған жүргізуші ұсталды
Алматыда "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған мопед жүргізушісін тоқтатты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ер адам тәртіп сақшыларының заңды талабын орындаудан бас тартып, қашуға әрекеттенгенімен, көп ұзамай ұсталды.
Медициналық куәландыру нәтижесінде оның есірткілік мас күйде болғаны анықталды.
Жиналған материалдар сотқа жолданып, құқық бұзушы көлік жүргізу құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынатын болады. Ал мопед айыптұрағына қойылды.
Қаз
Рус






