Құлыбаевтың компаниясына 13 миллиард теңге айыппұл салынды

1 555

Фото: Kazpravda.kz/Адильбек ТауекеловАтырау облысында мұнай компаниясына 13 миллиард теңгеден аса айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


"Каспий нефть" АҚ-ның 2021-2022 жылдары бұрғылау және кен орнын пайдалану қызметінде құралған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтарға жинақталу лимитін алмағаны анықталды.


"Прокурордың ұсынысын қарау нәтижесі бойынша, Атырау облыстық сотының сот алқасының 02.07.2024 жылғы қаулысымен "Каспий нефть" АҚ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 684 868 730 теңге айыппұл салынды", - делінген хабарламада.


Прокуратураның принципті ұстанымы нәтижесінде әкімшілік айыппұл бюджетке өндіріліп, мемлекетіміздің Ұлттық қоры 13 684 868 730 теңгеге толықтырылғаны айтылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.