Кәсіпкер 778 млн теңге заңсыз табыс тапқан

1 500

Фото: 24.kzАқтөбе облысында «Kazenergy» жеке кәсіпкерлігінің басшысы лицензиясыз қауіпті қалдықтарды өңдеп, пеш отынын өндіргені және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Тергеу деректеріне сәйкес, сотталған адам аумағы 10 мың шаршы метр болатын өндірістік базада бұл заңсыз әрекетті ұйымдастырып, нәтижесінде 11 миллион литрден астам сапасыз отын сатқан. Осы арқылы қылмыстық жолмен 778 миллион теңге табыс тапқан кәсіпкердің өндірістік нысаны, автокөліктері мен банк шоттарындағы ақшасы тәркіленді. 

Аталған іс бойынша шикізат ретінде пайдаланылған майлар, мұнай шламдары және құрамында мұнай бар өзге де қалдықтар қолданылған. Олар нафтамен араластырылып, айналым әдісімен өңделген. Алайда кәсіпкерге қауіпті қалдықтарды өңдеуге, залалсыздандыруға және кәдеге жаратуға қажетті лицензия мен экологиялық рұқсат берілмеген. 

Мамандардың айтуынша, өндірілген пеш отыны ұлттық сапа стандарттарына сай келмеген әрі құрамында зиянды химиялық заттар болған. Мұндай отынды тұрмыстық және өнеркәсіптік қазандықтар мен пештерде жағу кезінде ауаға улы заттар тарауы ықтимал еді. 

Бұл өңір тұрғындарының тыныс алу жүйесі мен денсаулығына қауіп төндірген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.