Қауіпсіздік белдігін ешқашан тақпайтынын айтқан әйел жауапқа тартылды

1 500

© Photo : Пресс-служба департамента полиции ШымкентаАлматыда өзін заңнан жоғары санаған жүргізуші әйел жауапқа тартылды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде ол заңды елемейтінін ашық көрсетіп, өзіне ешқандай шара қолданылмайтынын мәлімдеген.

Видеода әйелдің қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарғаны және бұл талапты орындаудан ашық бас тартқанын байқауға болады.

Полиция қызметкерлері әйелді анықтап, жауапқа тартты.

"Тексеру барысында өзге де заң бұзушылықтар анықталды. Әйелдің бұған дейін сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, рөлге отырғаны белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты оған қатысты бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық дерегі бойынша іс қозғалды. Атап айтқанда, көлік басқару құқығынан айырылғаннан кейін көлік жүргізу, қауіпсіздік белдігін пайдалану талабын бұзу, сот шешімін орындамау және жалған ақпарат тарату фактілері бойынша материалдар рәсімделді.

Жинақталған материалдар сотқа жолданған. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылған.

Сонымен қатар көлік басқару құқығынан айырылған адамға автокөлігін берген көлік иесі де жауапкершілікке тартылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.