Қазақстанда АИ-92 бензині бір жылда қанша теңгеге қымбаттады
АИ-92 – қазақстандықтар арасында ең сұранысқа ие бензин маркасы болып қала береді. Сондықтан оның құны ерекше назар аудартады. 2026 жылы бензин маркасының бағасы кей жерлерде 260 теңгеден асты. Толығырақ Оpennews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Дәстүрлі отынмен жүретін көліктер елдің жалпы автопарк статистикасында басымдыққа ие – мысалы, 1 маусымдағы жағдай бойынша көліктердің 80 пайызы бензинмен жүреді, ал электр көліктеріне небәрі 0,5 пайыз тиесілі. Бұл ретте АИ-92 ең танымал марка болып қалып отыр.
Telegram-дағы Energy Analytics арнасының сарапшылары хабарлағандай, бензин маркасының құны бұрын жасанды түрде ұсталып тұрды, енді оның бағасын нарық реттегендіктен біртіндеп қымбаттап жатыр.
Сарапшылардың дерегінше, 2026 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда АИ-92 бензинінің литрі орта есеппен 247 теңге тұрды. Салыстыру үшін:
2025 жылдың басы – литрі 203 теңге деп бағаланды;
2025 жылдың қазаны – баға 234 теңгеге дейін өсті;
2026 жылдың басы – бағаны 235 теңге деңгейінде ұстап тұрған мораторий қолданыста болды;
2026 жылдың қазан айының басы – ел бойынша орта есеппен бір литрі 247 теңге.
Бұл ретте сарапшылар биыл қарашаның басында Астананың бірнеше автожанармай құю станциясы (АЗС) желілерінде АИ-92 литрі 261 теңге тұрғанын атап өтеді (бұған дейін баға 253 теңге болған).
Дереккөзде хабарланғандай, Қазақстанға көршілес елдерде бензин қымбатырақ. Мәселен 2026 жылдың қыркүйегінде Қазақстанның Ұлттық банкінің курсы бойынша АИ-92 литрі орта есеппен мынадай бағада болды:
Ресейде – 390 теңге;
Қырғызстанда – 448 теңге;
Ташкентте (Өзбекстан) автожанармай құю станцияларындағы ең арзан импорттық АИ-92 449 теңгеден сатылды.
Алайда бұл айырмашылық болашақта біртіндеп қысқаруы мүмкін. Және бұл Қазақстандағы баға белгілеу тетігіне байланысты.
Бұған дейін мұнай-газ саласының сарапшысы халықаралық нарықтардағы мұнай құны Қазақстандағы бағаға әсер етпейтінін айтқан еді: өндіруші компаниялар шикізатты отандық мұнай өңдеу зауыттарына жеңілдікпен, тіпті еш пайда таппай сатады.
Сондықтан әлемдік баға төмендеген кезде де бензин құны арзандамайды – Қазақстанда мұнай өңдеу зауыттары мұнайды арзан алады.
Бұл ретте осы баға айырмашылығын қазақстандықтардың өздері төлейді – отынның бағасының төмен болуы бюджеттен берілетін дотациялардың және барлық азамат төлейтін жоғарылатылған салықтардың арқасында.
Демек нарықтық тетіктерге біртіндеп көшу отынның қымбаттауына әкеледі деген сөз.
Қаз
Рус






